МГТУ Актау

«Нашақорлықтың алдын алу. Жаман әдеттерден аулақ болу»

 Нашақорлық–әлеуметке ортақ проблема. Жер бетіне миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең. Алайда, ол шекараны білмейді, нәсіл, жыныс, жас талғамайды. Нашақордың жолымен кеткен адам біртіндеп өзінің адамгершілік қасиеттерінен айырыла бастайды, психикалық тұрғыдан өзгереді, достарын, кейін отбасын жоғалтады, өзіне және жанындағыларға бақытсыздық алып келеді. Ұзақ уақыт бойы нашақорлық мәселесі жабулы қазан күйінде қалып келді, ол туралы айтылмады. Қазір барлығы ол туралы біледі, бірақ әлі бұл өткір тақырып болып қалуда. Нашақорлыққа қарсы күрес құралы–оны таратуға қарсы бүкіл адамзаттың жұмылуы. Осы тұрғыдан алғанда, бұл құбылыстың барлық қасіреттері жөнінде адамдарды толық, жан-жақты, ақпараттандыру мақсатқа қол жеткізудің ең тиімді құралы екенін барлығы мойындайды.

Осы мақсатта Маңғыстау гуманитарлы-техникалық университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімі және жастар ісі жөніндегі комитет мүшелерінің қатысуымен 21.10.2014 жылы сағат 12.00 де 310-аудиторияда «Диалог Ақтау» қоғамдық қорының  ұйымдастыруымен«Нашақорлықтың алдын алу. Жаман әдеттерден аулақ болу» семинар-тренингі өтті. Трениннгті «Диалог Ақтау» қоғамдық қорының атқарушы директоры Қолқанатова Мейрамгул жүргізді. Семинар-тренинг өте қызықты өтті, семинар соңында студенттеріміз сертификат алды.

IMG 6211

Маңғыстау гуманитарлы техникалық университетінде ұстаздар мерекесі аталып өтті

Айтулы мереке – ұстаздар күні, Маңғыстау гуманитарлы техникалық университетінде 06.10.2014 жылы Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері және студенттердің ұйымдастыруымен мерекелік кеш аталып өтті. Шара барысында университетте ерінбей еңбек етіп, оқу орнының дамуына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар оқытушыларымыз Алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты жиынға қатысқан ұстаздар қауымы бұл күнді «жүрекке жылу, бойға қуат, кеудеге мақтаныш пен мейірімділік отын жағатын ерекше мейрам» деп біледі. Өздерінің «жалықпай талмай еткен еңбектерінің ескерілетін күні де – осы» дейді.

 

 29-қыркүйек күні Маңғыстау Гуманитарлы-Техникалық Университетінде 22-қыркүйек Тіл мерекесіне орай ПП-13-01 тобының ұйымдастыруымен өткізілген  «Тілім менің – тірлігімнің айнасы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Маңғыстау Гуманитарлы-Техникалық Университетінің Педагогика психология факультетінің   ( ПП-13-01) тобының жетекшісі Төлеуғалиева Бағлан апайымызға алғы сөз берілді.

Екінші. Сөз кезегі Маңғыстау Гуманитарлы – техникалық Университетінің тәрбие ісі жөніндегі бас маманы Карикулова Балжан Шүкіржанқызы сөз сөйледі.

Кітапхана меңгерушісі Бабашева Гүлбахар апай (баяндама) оқыды.

         Іс-шарада университетіміздің 4 курс студенті Қабисатов Бейбіт терме орындады, студенттер тіл туралы өлеңдер оқыды. Сонымен бірге Мұхтар Шаханов ағамыздың Тіл туралы өлендері бейнебаян ретінде көрсетілді. Сондай-ақ қатысушы студеттермен бірге тіл туралы нақыл сөздерден жарыс өткізілді.Студенттер іс-шараға белсенді қатысты. «Тілім менің – тірлігімнің айнасы» атты өткізілген дөңгелек үстел қызықты әрі тартымды өтті. 

Ақтау қалалық «Интеллект-2014» зияткерлік сайысында ұйымшылдық танытып, тапқырлығымен ойын көрсетіп, Маңғыстау гуманитарлы-техникалық университетінен МГТУ қырандары қатысып ширек финалға жолдама алды.

22-27 қыркүйек күндері аралығында Манғыстау гуманитарлық техникалық университетінің базасында «Студенттік клубтарды,  кеңестер мен жастар ісі жөніндегі комитеттерді дамыту» және Студенттік өмір іс-шарасы өтті, ол ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты жөніндегі комитетінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Студенттердің өзін-өзі басқару және даму одағы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен болды.

Кездесудің мақсаты – студенттерге мемлекеттік жастар саясатының, «Стратегия Қазақстан - 2050» бағдарламасының іске асырылуы туралы,  студенттердің түрлі жастарға арналған жобалар мен бағдарламаларға қатысуы, өз қабілеттері мен таланттарын көрсетуі жөнінде ақпарат беру, сондай-ақ жастардың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру. Кездесуге жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың, жастардың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, ЖОО, ТКБ студенттері мен оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Семинар шеңберінде студенттік өзін өзі басқару органдары мен жастар ісі жөніндегі комитеттердің таныстырылымы өткізілді. Ақпараттық блокта сарапшылар студенттік өзін өзі басқарудың даму тарихы, дүниежүзілік және отандық практика туралы әңгімеледі,  сондай-ақ әлеуметтік жобаларды жоспарлау және әзірлеу жөніндегі тәжірибелерімен бөлісті.

17.09.2014 жылы-22 қыркүйек Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мерекесіне орайМаңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында«Тіл көгермей ел көгермейді» атты  шара (дөңгелек үстел) өтті. Бұл шараның ашылуын кітапхана жасөспірімдер бөлімінің мегерушісі: Сарсенбаева Гүлшат  Мизамбайқызы ашып берді. Бұл шараға көптеген қонақтар, мектеп оқушылары,студенттер мен оқытушылар қатысты. Шараға қатысқан Маңғыстау Гуманитарлы-Техникалық Университетінің  оқытушысы Толеугалиева Баглан Бектұрқызы өз ойын айтып білдірді. Өз ой-пікірін айтып,студенттерді осы шараға өз дәрежесінде дайындағаны үшін (Алғыс хатпен марапатталды). Осы Университеттің ПП-13-1 тобының студенттері тіл туралы жаттаған өлеңдерін айтып  және де өз ойларын білдіріп қатысқан студенттер: Исабек Айда, Худайбергенова Аксырга, Қалық Гулмира, Самархан Бағдат (Алғыс хаттар мен марапатталды).

Ұлттың жаны, мемлекеттік айнасы – ана тілі. «Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!?» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап айтқандай  парасатты  пікірі  өз тілін, ұлтын құрметтейтін азамат үшін өмірлік мәнді алтын сөздер. Тіл қай елде, қай ұлтта болсын ең қастерлі, қасиетті. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Ол әлемдегі ең бай тілдердің бірі. Ол – халқымыздың рухани байлығы, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Ана тіліміз осындай жанашыр ұстаздар мен студенттер барда өшпейді.Ана тіліміз әр уақытта да, жарқырай берсін!

 

 

Понедельник, 08 Сентябрь 2014 11:17

Университет басшыларымен кездесу

2014 жылдың 8 қырықүйек күні университет басшыларының студенттермен кездесуі өтті. Жиынды университеттің Жастар ісі жөніндегі комитетінің Президенті, 3 курс студенті Баймұқанов Қуандық ашып алғашқы сөзді ректордың міндетін атқарушы профессор Ақылбек Қабиұлы Ахметовке берді. А.Ахметов университеттің бүгінгі жағдайы жайында студенттерге ақпарат беріп, профессор-оқытушылар құрамын, университеттің оқу-материалық базасын нығайту барысында істеліп жатқан шараларды баяндап өтті.

Университет құрылтайшыларының өкілі А.Садықова осы оқу жылының басында жаңадан екі электрондық тақта, физика және химия пәндерінен зертханалар сатып алынғанын хабарлады. Студенттерді обылысымыздың, университеттің қоғамдық-әлеуметтік өміріне белсене араласуға шақырды.

         Оқу бөлімінің жауапты қызметкері Г.Қарабасова студенттерді оқу кестесіндегі өзгерістермен таныстырса, тәрбие бөлімінің маманы Балжан Қариқулова жаңа оқу жылында жоспарланған тәрбие шаралары жайында айтып өтті.

Жиналыс соңында профессор А.Ахметов 1 курс студенттеріне салтанатты жағдайда студенттік билеттерін табыс етті.

 

Ректорат

Понедельник, 01 Сентябрь 2014 10:39

1 қыркүйек Білім күні

        1 қырықүйек – «Білім күні» Маңғыстау гуманитарлы-техникалық университетінде «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Жиынды ректордың міндетін атқарушы профессор А.Қ.Ахметов ашып жоғарыда көрсетілген тақырыпта баяндама жасады.

Маңғыстау гуманитарлы-техникалық университеті мен Ақтау колледжі жұмысының басты нәтижесі – тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы болып табылатын жастарды болашақ кәсіби мамандықтарына бағыттау және тәрбиелеу болып табылады. Бұл міндет тек сапалы білім беру арқылы ғана шешіледі деп атап көрсетті профессор өз баяндамасында.

Салтанатты жиында университеттің Жастар ісі жөніндегі комитетінің Президенті, 3 курс студенті Баймұқанов Қуандық бірінші курс студенттерін жаңа 2014-2015 оқу жылымен құттықтады.

Жиын соңында университет және колледж студенттерінің күшімен шағын концерт көрсетілді.

 

Ректорат

Ахметов Акылбек Кабиевич родился 10 сентября 1948г. в с. Зорматинское Денгизского р-на Гурьевской обл. Окончил Казахский государственный университет им. С.М. Кирова (1971г.), очную аспирантуру Физического института им. П.Н. Лебедева АН СССР (1978 г.).

Специалист по ядерной физике, кандидат физико–математических наук, доктор педагогических наук (тема диссертации: «Педагогические основы профессионально-экономической ориентации будущих учителей», 1997г.), профессор, академик КНАЕН РК (1995г.), член Нью-Йоркской академии наук (1995г). После окончания университета работал ассистентом, старшим преподавателем, заместителем декана, заведующим кафедрой теоретической физики Гурьевского пединститута (1972 – 1993 г.г.); директор Актауского филиала Атырауского университета (1993-1996 г.г.); Первый проректор, проректор по учебной работе, заведующий кафедрой Актауского гос.университета (1996-2005), с сентября 2007 года заведовал кафедрой физики и информатики Актауского государственного университета имени Ш.Есенова. С сентября 2010 года по 2012 год А.Ахметов работал директором Института педагогических технологии.

        А.К.Ахметов член Объединенного диссертационного совета ОД 14.61.02 по защите докторских диссертации по специальности 13.00.01 «Общая педагогика, история педагогики и образования, этнопедагогика», руководитель Актауского филиала Казахстанской Национальной академии естественных наук, член редакционной коллегии журналов «Вестник Каспийского университета технологии и инжиниринга», «Вестник университета «Кайнар»», г.Алматы, член Ученого Совета Каспийского государственного университета технологии и инжиниринга. А.К.Ахметов автор монографии «Профессионально – экономическое ориентирование будущих учителей» (1996 г.), «Моделирование профессионально - экономической ориентированности будущих учителей», учебников для студентов высших учебных заведении: «Введение в квантовую механику» (1997, 2004 г.г.), «Курс общей физики», в 3-х томах (2003 г., в соавторстве с лауреатом Ленинской и Государственных премии СССР, академиком НАН РК Г.Б.Померанцевым), «Статистическая физика и термодинамика» (2008 г., Астана, изд-во «Фолиант»), «Социально-педагогическая детерминация и методология профессионально-экономического ориентирования личности» (2009 г., Актау: изд. «Областная типография»), более 80 научных и методических статей..

В октябре 2007 года о научно-педагогической деятельности профессора А.К.Ахметова республиканским телевидением «Хабар» был снят фильм для программы «Ел ағалары».

Отличник образования РК, награжден золотой медалью «Аль-Фараби» НАЕН РК, медалью Виркхоффа Европейской академии естественных наук. Отмечен Благодарственным Письмом Президента РК Н.А.Назарбаева, Почетными грамотами Министерства образования и науки РК, Республиканского Политсовета народно-демократической партии «Нур-Отан», Акима Мангистауской области, медалью «35 лет Мангистауской области» в 2008 году. Награжден нагрудным знаком МОиН РК «За заслуги в развитии науки Республики Казахстан» ( 02.04.2009 г.). В 2009 году Акылбек Кабиевич Ахметов стал «Человеком года» по номинации «Наука и образование». В 2010 году выиграл грант Министерства образования и науки РК «Лучший преподаватель года».

Четверг, 26 Сентябрь 2013 09:48

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ

Құрметті әріптестер!

 

         Маңғыстау гуманитарлы-техникалық университеті 2013 жылдың 15 қараша күні «Университет қабырғасында білім беру мен ғылымды дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында обылыстық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

         Конференцияның негізгі мақсаты: университет қабырғасында білім алушы жастарды оқу үдерісінің сапасын арттыру жұмыстарына тарту, жеке пәндерді оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін игерудің ғылыми негіздерін қалыптастыруға қатыстыру, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және оңтайландыруға бейімдеу, студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене араласуы мен алынған ғылыми нәтижелерді талқылау.

         Конференция нәтижесінде оқылған ғылыми-тәжірибелік мақалалардың жинағын баспадан шығару жоспарлануда.

         Конференцияның жұмысы мынадай бағыттарды қамтиды:

-         студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы ізденістері;

-         экономика-құқық саласындағы зерттеулер;

-   мұнай-газ, геология бағытындағы ғылыми жұмыстар мен жобалары.

 

Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

         Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүреді.

         Мақаланы дайындауда мынадай талаптарға сүйену қажет:

көлемі 2-4 беттен аспауы керек, электрондық және қағаз нұсқалары, шрифт – Times New Roman, кегль – 14, жоларалық интервал – 1, беттің жоғары және төменгі аралықтары – 2 см., сол жағынан – 3 см., оң жағынан – 1 см қалдыру қажет.

         Бірінші беттің жоғарысында әріптері қою алынған мақаланың тақырыбы (орталық теңестірілген), келесі жолда қою алынған, беттің оң жағымен теңестірілген автордың фамилиясы, бас әріптермен, нүктемен бөлінген аты, тегі, келесі жолда осы тәртіппен студенттің (магистранттың) оқу орны, академиялық топтың қысқартылған жазылуы.

         Мақаланы сауатты, қатесіз жазып, бірнеше рет тексерген жөн.

         Мақаланы Ұйымдастыру алқасына (адресі: 130 000, Ақтау қ., 3 «б» шағын аудан, 8 ғимрат, 212 бөлме; электрондық нұсқасын e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.) жіберу қажет.

 

Ұйымдастыру алқасының телефондары:

87292 50-50-20 қосымша 21, e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

8775 8468091 Наргиса Кыдырсиықова – жауапты хатшы

Страница 1 из 3

Мы на карте

Стратегические партнеры

лайт   логотип астана  цау логотип

Контакт с нами

Республика Казахстан
130000, Актау, мкр. - 3 «Б», здание 9
Мангистауский Гуманитарно-Технический Университет (МГТУ)

Приемная комиссия:

+8(7292) 50 50 20

+8(7292) 52-45-22

+8(7292)52-45-23